Путин Ауғанстандағы қақтығысқа тоқталып, халыққа жасалған әділетсіздік туралы баяндады
Путин Ауғанстандағы қақтығысқа тоқталып, халыққа жасалған әділетсіздік туралы баяндады
Ресей президенті Владимир Путин Ауғанстандағы соғыс жағдайын реттеп, қалпына келуі керек мәселелерді баярдады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ауған халқына келген залал шығындарды өндіру керегін тілге тиек етті. Сондай-ақ, заңсыз бұғатталған ауған қаражатын қайта қалыпқа келтіруге шақырды. Бұл ойын ол Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, біздің аймақ үшін қауіпсіздіктің ең өткір сын-қатерлерінің бірі Ауғанстан болып қала береді. Әріптестер бүгін бұл туралы айтқан болатын. Бұл ел АҚШ пен НАТО-ның 20 жылдан астам әскери қатысуынан, олардың саясатының сәтсіздігінен кейін террористік қауіп-қатерді өздігімен шеше алмады. Біз ауған халқына оккупация жылдарында келтірілген залалдың орнын толтыруға және заңсыз бұғатталған ауған қаражатын қайта қалыпқа келтіруге шақырамыз», - деді Путин.
Taulik.kz