72 жастағы жиһангез дүниежүзін жаяу аралап шықпақ
72 жастағы жиһангез дүниежүзін жаяу аралап шықпақ
Саяхатшы, шебер-реставратор Сәрсенбай Қотырашов дүниежүзін жаяу аралап шықпақ, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
72 жастағы ақсақал сапар барысында Грузия, Әзербайжан, Түркия, Болгария елдерін аралайды. Одан ары Батыс Еуропа елдерін қыс түскенше жүріп өтуді жоспарласа, көктемге дейін Америка құрлығын араламақ. Жазға салым Тынық мұхиты арқылы Шығыс Қытайдың жерлерін жаяу шарлайды. Кейін Моңғолияның батыс өлкесі арқылы Өскеменге келмек.
Сәрсенбай Оспанұлы бұған дейін Қазақстанның барлық облыстарын жаяу аралап шыққан. Жаңаарқаның тумасы Ұлытау қорық мұражайында ұзақ жыл жұмыс істеп, археологиялық қазба жұмыстарына белсене араласты. Қарт саяхатшы елдегі 17 қаланы басып өту үшін 8 мың шақырым жол жүрген.
«Менің жүріп өтетін жолым Жер шарын тұйықтап шығады. Бұл жолдардың бәрін 12 айдан аса уақытта жүріп өтемін деп отырмын. Сапарға жалғыз шықпаймын. Қасымда бір фотограф-оператор және аудармашы болады. Олар кезектесіп көлікпен жүреді. Мен үнемі жаяу жүріп отырамын. Тек мұхит асқанда ғана ұшаққа отырамыз. Ондағы мақсатымыз – дүниежүзіндегі халықты достыққа бейбітшілікке шақыру. Біз нәсілге, ұлтқа бөлінбей, бейбітшілікте татулықпен, сыйластықпен өмір сүруіміз керек. Бізге соғыс керек емес. Біздің тарихымыздың тереңде екенін, Қазақстан деген елдің қолөнері қандай екенін де үнемі наисхаттап, көрсетеміз. Себебі, біздің мәдениетіміз қола дәуірінен бастап дамыған», - дейді Сәрсенбай Қотырашов.
Taulik.kz