Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетіп қалды
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетіп қалды
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетіп қалды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Жыл басынан бері елімізде халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8% көбейген.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың саны 19 млн 666 мың 800 адам болды. 12 млн 131 мың 100 адам (61,7%) қалада, 7 млн 535 мың 700 адам (38,3%) ауылдық жерде тұрады.
Ел халқының табиғи өсімі 8 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% азайып, 172,4 мың адам болды.
АХАЖ мәліметтері бойынша, қаңтар-тамызда Қазақстанда 263,8 мың сәби туған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% аз, – делінген хабарламада.Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 91,4 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 22,3% аз. 1000 адамды есептегенде 7 адам қайтыс болған.
Taulik.kz