Жаңалықтар

«Қазақстанға алып кетіңіздерші»: Ауған қазақтары Бураханға хат жазды

«Қазақстанға алып кетіңіздерші»: Ауған қазақтары Бураханға хат жазды

«TAUEKEL» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов өзінің Фейсбуктағы парақшасында Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы қазақтар өзіне хат жазып, Қазақстанға алып кетуіне жәрдемдесуін өтініпті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Dalanews.kz-ке сілтеме жасап. Соңғы кездері жеке парақшама «араб» аккаунттары достық көптеп жіберетін болды. Басында мән бермеген едім... Кеше парақшамның «Хат» бөліміне белгісіз біреудің араб әліпбиімен бір емес, тоғыз рет жазғанын байқадым. Содан оның кім екенін білмек болып қарап едім жас жігіт екен. Шыны керек,  хатқа назар аудармас ем, әлгі жігіттің суретінде көк байрағымыз көзіме оттай басылды. Жалма жан хаттың мәтінін көшіріп, Гуглдің аудармасынасына салсам. Хат пуштун тілінде жазылған екен. Хатта «Аға, біз Ауғанстанның Құндызында тұратын 9 қазақпыз. Бізді Қазақстанға алып кетіңіздерші» деп өтініш аайтыпты. Қандасымыз мені қолында билігі, мүмкіндігі бар адам деп ойлап, үміттенсе керек..  Қайдан білсін, менің қолымда ондай билік жоқ екенін. Әттең, қолдан келер қайран жоқ.  Жат елде,  жат жерде жат елдің амбициялары үшін құрбан болған қазағым-ай... Бүгінге еліміздің солтүстігінде көптеген ауылдар босап қалған. Сол аудан-ауылдарға Иран, Ирак, Ауғанстан, Пәкістандағы қазақтарды көшіріп әкеліп, бір жерге жинап, орналастырып, аудан атын Қорған деп қойса ғой, шіркін… Қорған деген елдімекендер Иран, Ауғанстан, Ресейде де бар. Қысқасы осы ой іске асса Солтүстікте таза қазақ тілді бір аудан пайда болар еді. Керемет емес пе, келісесіз бе?.. Ол жаққа мұғалім, дәрігер, тіпті полиция мен молдасына дейін Оңтүстіктен көшіріп жайғастыруды көші-қонмен айналысатын «TAUEKEL» ұйымы өз мойнына алар еді.