Жаңалықтар

Беларусь билігі Украинадан сескеніп терроризмге қарсы операция режимін енгізді

Беларусь билігі Украинадан сескеніп терроризмге қарсы операция режимін енгізді

Беларусь билігі «кейбір көрші мемлекеттер» арандатушылық әрекеттерін жоспарлады деп айыптауда. Осыған байланысты елде терроризмге қарсы операция режимі енгізілді, деп хабардайды Taulik.kz. 

Бұл туралы Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макей мәлімдеді. Оның айтуынша, Беларусь аумағының белгілі бір учаскелерін басып алуға байланысты елде арандатушылық әрекеті көбейген.

Макей бұл іс нақты кімнің қолынан келетінін, кім жоспарлағанын айтпады.

Бұған дейін Беларусь Украинаны елге қауіп төндірді деп айыптаған еді. 8 қазанда Украина елшісі Игорь Кизим Беларусь Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған дипломатиялық нота тапсырылды.

Киев Беларусь аумағына қарсы соққы дайындап жатыр деген болжам бар.  Украина Сыртқы істер министрлігі бұл болжамды жоққа шығарып, бос айыптауларға жол бермейтінін мәлім етті.

Taulik.kz