Жаңалықтар

Илон Маск Украинаға көмек көрсетуден бас тартты

Илон Маск Украинаға көмек көрсетуден бас тартты

Американдық миллиардер Илон Маск басқаратын SpaceX бұдан былай Украинадағы Starlink спутниктік байланыс жүйесіне техникалық қызмет көрсету үшін қаржы бөлмейді, деп хабарлайды Taulik.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ ол Пентагоннан шығындарды өтеуді сұраған.

Украинаға барлығы 20 мыңға жуық Starlink терминалы берілген. Жұма күні Маск барлық операциялар SpaceX-ке 80 миллион доллар шығын әкелгенін және бұл шығындар соңында 100 миллионнан асатынын мәлімдеді.

– Масктың қайырымдылық шарасы осымен аяқталды. Себебі SpaceX Пентагонға американдық әскерилер бұл мақсаттарға ай сайын ондаған миллион доллар бөлмесе, Украинада желіні пайдалануды компаниядан қаржыландыру тоқтатылатынын хабарлады, – делінген хабарламада.

Taulik.kz