Беларусьте ТЖМ қызметкерлеріне қару таратылып жатыр
Беларусьте ТЖМ қызметкерлеріне қару таратылып жатыр
Беларусьте зымырандық шабуылдар кезінде халық паналауға болатын 5 мыңнан астам жабық құрылым бар, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Беларусьте төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне соғыс әрекеті болған жағдайда «Отанды қорғау» мақсатында деген желеумен қару-жарақ таратыла бастады. Бұл туралы Беларусь Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Вадим Синявский айтты.
Синявскийдің айтуынша, соғыс қимылдары болған жағдайда төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің бір бөлігі әскерилермен тең дәрежеде «отанды қорғайды».
«Бүгінгі күні жоспарланған барлық қару Қорғаныс министрлігінен қабылданып, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмелерімізге орналастырылды. Есеп жүргізілді, жеке құрам оқытылды. Ішкі істер министрлігі, облыстық деңгейдегі ІІД бастықтарына, сондай-ақ Қарулы күштерге қажетті есептеулер жеткізілді», - деді ол.Синявский сондай-ақ әуе шабуылы болған кезде жасырынатын баспаналар туралы да айтты.
«Тез әрекет етуге тура келетін жағдай болуы мүмкін. Оның ішінде азаматтық қорғаныс та бар», - деді Синявкий.Осыған дейін Беларусьте «террорға қарсы операция» режимі енгізілген еді.