Жаңалықтар

Мінез көрсететін уақытыңыз келді: Мәжіліс депутаты министрге кеңес берді

Мінез көрсететін уақытыңыз келді: Мәжіліс депутаты министрге кеңес берді

Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа екі үлкен мәселені айтып, Әлихан Бөкейханұлы сияқты мінез көрсететін уақытыңыз келді деп кеңес берді, деп хабарлайды Taulik.kz. 
«Соңғы кезде жол құрылысымен айналысып жатқан компаниялардың атынан 2 мәселені айтқым келеді. Қайырбек Айтбайұлы, бұл – сіздің салаңыз. Біріншіден, битум мәселесі реттеле ме, реттелмей ме? Бұл проблеманы бір жағына шығару керек. Екіншіден, кезінде қабылданған жақсы ережелер бар. Алайда біз шетелдік ұйымдардан қарыз алған кезде жобалар бірден халықаралық болып, сол ұйымдардың ережесімен өткіземіз. Қазір сол ережемен көп тендер өтпей жатыр. Оған қатысуға қазақстандық компаниялар қауқарсыз. Осы 2 мәселені ретке келтіру керек. Сіздің қолыңыздан келеді. Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, ел басқару білімнен емес, мінезден. Қайырбек Айтбайұлы, мінезді көрсететін уақыт келді», - деді Ғалым Әміреев Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Taulik.kz