Ресейдің Украинаға ашқан соғысы 4 миллион баланы аштықта қалдырды
Ресейдің Украинаға ашқан соғысы 4 миллион баланы аштықта қалдырды
Ресейдің Украинаға ашқан соғысы мен инфляция салдарынан Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 4 миллион баласы жоқшылықта өмір сүріп жатыр. Бұл ақпаратты БҰҰ Балалар қоры 22 елдің мәліметіне сүйеніп жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
ЮНИСЕФ сарапшылары кейінгі жылда жоқшылықта өмір сүретін балалар 19 пайыз ұлғайды деп санайды. "Балаларға әсіресе, Украинадағы соғыстың экономикалық салдары қатты әсер етіп жатыр" дейді БҰҰ-ның Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша аймақ директоры Афшан Хан.
Бұл есепке қарағанда, жоқшылықта өмір сүретін балалардың төрттен үші Ресейдің өзінде тұрады.
БҰҰ мәліметіне қарағанда, соғыс салдарынан Украинада жоқшылықта өсіп жатқан балалар бес жүз мыңға көбейген. Соғыс жеті жарым миллион украин баласының отбасына әсер еткен. Үй, мектеп, аурухана қирап, жүздеген мың отбасы таза ауыз су мен электр қуатына зәру болған. Балалар ата-анасынан айырылып, жетім қалған. Ресей атып жатқан зымырандар мен миналар балалардың алаңсыз өмірін тоқтатқан.
Taulik.kz