Украинадан қашып келгендерге панамыз: Лукашенко украин әскерін өлтірмейміз деп ақталды
Украинадан қашып келгендерге панамыз: Лукашенко украин әскерін өлтірмейміз деп ақталды
Беларусь президенті Александр Лукашенко “айтқанымызды ешкім тыңдамайды” деп налыды. Бұған себеп, Украинада солдаттарды біз өлтірмейміз деп жауап қатқаны түрткі болды, деп хабарлайды Taulik.kz БелТА басылымына сілтеме жасап.
Журналистің “әскери операцияда” сіз қай жағындасыз?” деген сұрағына президент Лукашенко:
“Мен бұған дейін де талай айтқанмын, тағы да қайталап айтамын. Біз Ресейді жан-жақты қолдап отырғанымызды еске алатын болсақ, әскери операцияға қатысып келеміз. Біздің қолдауымыз батыс шекарамызды, Польша мен Литваға қатысты айтып отырмын, Беларусь арқылы Ресейдің ту сыртынан соққы берілмеуі үшін жауып тастағанымызбен айқындалады. Басынан солай болды”, – деді Лукашенко. Бүгінде біздің соғысқа қатысуымыз ресейліктер мен украиндарды емдеп жатқанымыздан, ресейліктер мен украиндарға тамақ беріп жатқанымыздан, бәрінен бұрын Украинадан қашып келгендерге пана тауып беріп отырғанымыздан көрінеді. Беларуське күн өткен сайын сондай 400-500 адам келеді. Біз олардың құқықтарын толық қорғап отырмыз, – деді Александр Лукашенко. – Бірақ біз ана жақта ешкімді өлтіріп жатқан жоқпыз. Олай жасайын деп те отырғанымыз жоқ. Бізді, біріншіден, ешкім де, бұл операцияға қатысуға шақырмайды. Ресейді айтып отырмын. Екіншіден, біздің өзіміз де бұған тартылуға ниетті емеспіз. Біз бұл жайында ұдайы айтып келеміз. Шамасы, біздің айтқанымызды ешкім тыңдамайтын болуы керек, неге екенін білмеймін, осыны қайталап сұрай бересіздер. Ол енді – өз шаруаларыңыз”,- деді ол.
Taulik.kz