Жаңалықтар

Ресейде әскери ұшақ тұрғын үйге құлады (ВИДЕО)

Ресейде әскери ұшақ тұрғын үйге құлады (ВИДЕО)

Ресейдің Краснодарск өлкесінің Ейск қаласындағы көпқабатты үйге Су-34 ұшағы құлады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.  Қаланың төтенше жағдай қызметі тұрғын үйге Су-34 ұшағының құлағанын хабарлады. Ресей Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламаға қарағанда, Су-34 бомбалаушы әскери ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. Апатқа ұшақ қозғалтқыштарының бірінде шыққан өрт себеп болған. Су-34 құлаған тұрғын аудандардың бірінің ауласында ұшақтың жанармай құятын багы жарылып, өртенген. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.