Димаш Құдайберген Малайзияда жеке концертін бермек
18 қазан, 2022 /
taulik
Димаш Құдайберген Малайзияда жеке концертін бермек
Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Axiata Arena Bukit Jalil аренасында тұңғыш рет STRANGER жеке концертін береді.
Бұл ақпарат әлеуметтік желідегі dimash.news парақшасында жарияланды.
Концерт 19 қарашада өтеді. Ал, билеттерді сатып алу 21 қазанда сағат 11:00-де Ticket2U сайтында басталады.