Орындалмайтын уәде бермеуміз керек – Геннадий Шиповский
Орындалмайтын уәде бермеуміз керек – Геннадий Шиповский
Мәжіліс сайлауына популистер келуі мүмкін. Олар халыққа орындалмайтын уәделер үйіп төгіп, депутат болуы ғажап емес. Негізі біз орындалмайтын уәде беруден қашу керек - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.
Депутат бұл туралы Есен Елеукеннің «Yesti podcast» жобасына берген сұхбатында айтты.
"Ертең саяси дода басталған кезде, өкінішке қарай, саяси популистер де пайда болуы мүмкін. "Сүйтеміз, бүйтеміз, басты отқа үйтеміз, барлығын қатырамыз" дегендей. Ал бұл үлкен қорқыныш секілді" - дейді Геннадий Геннадийұлы.