Жаңалықтар

Президент: Елімізде қоғамдық бақылауды барынша күшейту қажет

Президент: Елімізде қоғамдық бақылауды барынша күшейту қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қоғамдық бақылауды барынша күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Біз Президенттік басқару үлгісін ұстанамыз. Парламенттің рөлін арттыра түсеміз. Осы орайда мен мына мәселеге ерекше назар аударғым келеді.
Елімізде қоғамдық бақылауды барынша күшейту қажет. Бүгінде еліміз бойынша 256 қоғамдық кеңес бар. Былтыр «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Олардың құзыры едәуір кеңейді.
Мен осы салаға азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тартуды тапсырдым. Қазір олардың үлесі 86 пайызға жетті», - деді мемлекет басшысы.