Жаңалықтар

Иранда әнұран орындаудан бас тартқан қыз полиция қолынан қаза тапты

Иранда әнұран орындаудан бас тартқан қыз полиция қолынан қаза тапты

16 жастағы ирандық қыз әнұран айтпағаны үшін полиция қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz.  «Iran International» ақпарат агенттігінің мәлімдемесіне сүйенсек, оқиға Ардебил қаласында орын алған. Митингке қатысушылар Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиді мадақтайтын үгіт-насихат әнін айтуы керек еді. Полицияға бағынғысы келмеген қыздар аяусыз соққыға жығылды. 10 оқушы қыз ауыр жағдаймен ауруханаға түсіп, кейін олардың бірі Асра Панахи қайтыс болды. Оқушы қыздың қазасынан кейін Иранда наразылық одан әрі күшейе түсті.

Taulik.kz