Жаңалықтар

Қуанышты жаңалық: Утильалым құны 200 мың теңге боп бекітілді

Қуанышты жаңалық: Утильалым құны 200 мың теңге боп бекітілді

Мәжіліс отырысында утильалым мөлшерінің нақты құны белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz. Депутаттар енгізген өзгеріске сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген көліктерді заңдастыру кезінде бірыңғай тіркеу алымы 200 мың теңге болады.
"Бұл толықтыру президенттің 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы кезінде айтылған тапсырмасын орындау аясында дайындады. Президент бұл көлік категориясы үшін утиль және тіркеу алымын 200-250 мың теңгеден асырмауды айтқан", – деді мәжіліс депутаты Сергей Симонов.

Taulik.kz