Жаңалықтар

Республика күні – ұлттық мереке

Республика күні – ұлттық мереке

Қазақстан Республикасы – бұл атауды талай адам сан ғасырлар бойы армандап, асыға күтіп аңсады. Ал республика сөзін айтқанда әрбір қазақтың тұла бойы тебіреніп, бойын асқақ сезім кернері анық. Мемлекеттік мереке қатарынан алынып тасталғанымен, араға он үш жыл салып Президент бастамасымен бұл күн ұлттық мереке болып бекітілді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы қабылданған сәттен бастап еліміздің өз алдына жеке территориясы, өзіндік көзқарасы мен мәдениеті, мемлекеттік рәміздері айқындалып, дербес егемен ел ретінде әлемге таныла бастады. Қаншама жыл өзге елдің боданында болып, кеңестік заңдардан бас тартатын күн Қазақстанға да туды. 2001 жылы 13 желтоқсанда бұл күн «Қазақстан республикасындағы мерекелер туралы» №267 қабылданған заң бойынша мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды. Мемлекеттік мереке қатарынан алынып тасталғанымен, араға он үш жыл салып, бұл күн ұлттық мереке болып Президент бастамасымен бекітілді. Бұл шешім нағыз құптарлық істердің бірі болып саналмақ. Неге? Себебі бұл – әрбір қазақстандыққа Республиканың, яғни Отанымыздың ең үлкен құндылық екенін сезіндіру. Әрине, адам қай елде туылатынын таңдамайды, бірақ оны келесі ұрпаққа аманат ету үшін оны сүю, бағалау, қорғау біздің адами парызымыз болып қала бермек. Президенттің айтуынша, Республика күні еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуға тиіс.
«Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мағынасы сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Дегенмен Тәуелсіздікке сүбелі үлес қосқан халық батырларымызды еске алу күні ретінде аталып өту керек», – деді президент.

Дайындаған: Гауһар Есенгелдіқызы