Жаңалықтар

Тілді қорлау: Елге келген ресейліктер де ұлтараздықты қоздыруға бірқатар жұмыс істеуде - ТІЛ МАМАНЫ

Тілді қорлау: Елге келген ресейліктер де ұлтараздықты қоздыруға бірқатар жұмыс істеуде - ТІЛ МАМАНЫ

Екі күннен бері желіні шулатып, ана тілімізге  “мәдениетсіздік” танытып, қорлаған Chocolife компаниясының басшысы Рамиль Мухоряповқа қарсы айтылған ашулы пікірлер мен қорқытулар көбейіп кетті. Тіпті барлық бизнесіне байкот жариялаймын деген белсенділер де көп. Соған орай, Taulik.kz тілшісі лингвист, “Халықаралық Қазақ тілі” қоғамының мүшесі Серік Ерғали мырзаның пікірін білді.

-Рамиль Мухоряпов қазақ тілінде сөйлеу ұлтшылдықтың, мәдениетсіздік белгісі дегенге келтіріп, қазір желіні шулатып жатыр.

Жалпы, тілді қорлап, ауыздарына келгендерін айтатындарға шара қолдану керек секілді. Қалай ойлайсыз?

-Фейсбукте адамдар бизнесменнің компанияларына байкот жариялау керек деп жатыр. Жалпы байкот жүйесі күшіне ене ала ма? Қандай пайдасы болады?

-Алып қосар ойым шамалы. Бұл жерде жан-жақты сыртқы жағдайларды қарастырсақ, Ресей мен Украина арасындағы жағдай бізге де әсерін тигізуде.

Сыртқы идеологияға берілгендер бар, ішкі шовенистік топтар әдейі осындай тақырыпты қоздырады. Басқа дәнегеде жоқ. Бұндай жағдай бұрыннан болып келе жатыр. Жай қазір қозып жатқан тақырып.

Ресей тараптан жасалып жатқан саясат: ұлттық мемлекеттерді болдырмау.

Соған ылыққан, бүйрегі бұратын бізде азын-аулақ жекелеген шовенистік топтағы азаматтар бар.

Негізінде бұл ұлтараздық қақтығысты қоздыру десек те болады. Тиісті мемлекеттік органдар нақты қадағалап, тексеру қажет. Құқық күзету органдары да қолға алу керек. Солар үнсіз отырғаннан кейін, басынып жатыр.

Қазақстандағы ұйғырлар өз тілінде сөйлесе ол ұлтшылдық па? Қазақтар өз тілінде сөйлесе ұлтшылдық па? Қазақстандағы мемлекеттік тіл қазақ тілі. Ешқандай логикаға сәйкес келмейді. Жай ғана шовенистік пиғылдағы азаматтардың арандатуы. Жауапқа тарту керек.

Келіп жатқан ресейліктер де әдейі жанға тиетін тақырыптарды қоздыру үшін бірқатар жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік органдар қолға алып, дұрыстап тексеру керек”,- деді Серік мырза.

Taulik.kz