Жаңалықтар

Қазақстан Ресейдің газ ақысын тек рубльмен төлеуден бас тартты

Қазақстан Ресейдің газ ақысын тек рубльмен төлеуден бас тартты

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңында ЕАЭО-дағы ортақ газ мәселесі туралы баяндады, деп хабарлайды Taulik.kz.   
"Қол қойылған құжат жоқ, келіссөздер жүріп жатыр, кеше ғана өтті. Ресей тарапының ұсыныстарының бірі - барлық төлемдерді рубль арқылы өткізу болды. Біздің ұстанымымыз бойынша, бұл нұсқа келісім тараптарының таңдауында болуы керек еді", - деді министр.
"Газ сатып алу үшін ол (сатып алушы) кез келген валютаны таңдай алады және негізінен ешқандай шектеулер болмауы тиіс: ол кез келген ұлттық валюталар, соның ішінде ресейлік рубль мен біздің теңге болуы мүмкін", - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Taulik.kz