Жаңалықтар

Қазақ боксшысы қарсыласын бірінші раундта талдырып, жеңіске жетті

Қазақ боксшысы қарсыласын бірінші раундта талдырып, жеңіске жетті

Ауыр салмақтағы қазақ боксшы Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) Амеркикадағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Taulik.kz Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. «Панда» лақап атты қазақтың қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэда (21-18, 15 КО) болды. Орландо қаласында өткен айқас сегіз раундқа есептелген еді, алайда, кездесу біріншісінде аяқталды. Серік мексикалықты есінен тандырды. Қазақ боксшы биылдыққа үшінші жекпе-жек өткізіп отыр. Енді Мұсаділовтің есебінде 14 жеңіс, оның он екісі нокаутпен.