Президент Мұхтар Мағауиннің хатын ескерді ме?
Президент Мұхтар Мағауиннің хатын ескерді ме?
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығының иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz.
1. Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
2. Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;
3. Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – «Жүрегім, нені сезесің?» концерті үшін;
4. Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;
5. Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;
6. Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;
7. Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.
Айта кету керек, бұған дейін АҚШ-та тұратын жазушы Мұхтар Мағауин Президентке хат жазып, Мемлекеттік сыйлыққа Тұрыспек Сәукетаевты қосуын өтінген болатын.