Жаңалықтар

Қазақстан шекарасына жақын жерде жарылыс болды

Қазақстан шекарасына жақын жерде жарылыс болды

 
Қазақстан шекарасына жақын жерде Өзбекстан қорғаныс министрлігінің қоймасында жарылыс орын алды, деп хабарлайды Taulik.kz. 
Белгілі болғандай, жарылыстан 16 адам зардап шеккен. Олардың барлығына дереу медициналық алғашқы көмек көрсетілген. Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі жергілікті уақыт бойынша сағат 05:01-де төтенше жағдайлар бөліміне Сырдария ауданындағы Мәлік ауылында жарылыс болғанын мәлімдеді.
"Осыдан кейін оқиға салдарынан зардап шеккен 16 науқастың 12-сі Сырдария аудандық медицина бірлестігіне жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.