Жаңалықтар

Қытай басшысы Си Цзиньпин тағы бес жылдық мерзімге сайланады - БАҚ

Қытай басшысы Си Цзиньпин тағы бес жылдық мерзімге сайланады - БАҚ

Қытай коммунистік партиясы съезінің президиумында отырған бұрынғы Қытай басшысы Ху Цзиньтаоды қолынан ұстап, залдан алып кетті. Бейнежазбаға мән берсек, 79 жастағы Ху таңқалып, орнынан кеткісі келмеді. Неге бұлай болғаны әлі де белгісіз, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ху Цзиньтао президиумда қазіргі Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің қасында отырды. Ху Цзиньтао президиумнан шыққан кезде Си Цзиньпиннге бірдеңе деп сыбырлады, ол жауап ретінде басын изеді.  Осыдан кейін Қытайдың бұрынғы басшысын мәжіліс залынан алып шықты.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, съездің жабылу салтанатында Ху Цзиньтаоның ел басшысының жанындағы орны бос қалды.

Си Цзиньпин 16-22 қазан аралығында өтетін Қытай коммунистік партиясының съезінен кейін партия мен елдің көшбасшысы ретінде тағы бес жылдық мерзімге сайланады деп күтілуде.

Taulik.kz