Жаңалықтар

Қазақстан-Украина арасындағы іскерлік қарым-қатынас одан әрі даму үстінде

Қазақстан-Украина арасындағы іскерлік қарым-қатынас одан әрі даму үстінде

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішевпен кездесті. Кездесу Киевтегі Қазақстан елшілігінің ғимаратында өтті, деп хабарлайды Taulik.kz. 

Еркін Тәтішев Украинадағы «Кусто Агро» компаниясының қазіргі жұмысы туралы хабардар етті, оның құрамына бірнеше кәсіпорындар кіреді: «Кусто Агро Фарминг», «Кусто Агро элеватор компаниясы», «Кусто сауда және логистика». Кәсіпкердің айтуынша, қазір олар Украина аумағында өз жұмыстарын жалғастыруда.

Еркін Тәтішев алдағы уақытта Украинада кәсіпорындарды кеңейту жоспарланып отырғанын айтты.  Ол агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қазақстандық-украиндық кәсіпорындар арасындағы іскерлік қарым-қатынастарды дамыту жоспарларымен бөлісті.

Дархан Кәлетаев Еркін Тәтішевке және «Кусто» компаниялар тобының бүкіл командасына Украинаның шалғай аудандарынан Қазақстан Республикасы азаматтарын эвакуациялауды ұйымдастыруға және соңғы уақытта көрсетілген басқа да мүмкін болатын көмектерге жеке алғысын білдірді.

Taulik.kz