Жаңалықтар

Ресейдің оқу орындарынан Қазақстанға 2000-ға жуық студент ауысып келді

Ресейдің оқу орындарынан Қазақстанға 2000-ға жуық студент ауысып келді

Ресейдің жоғары оқу орындарынан 2 мыңнан астам студент қазақстандық университеттерге ауысып келді, деп хабарлайды Taulik.kz Halyq uni сайтына сілтеме жасап.  Министрліктің хабарлауынша, 2022 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша ресейлік университеттерден қазақстандық 66 жоғары оқу орнына 2 мыңнан астам білім алушы қабылданды.
«Білім алушылар ақылы негізде бірнеше сала бойынша ауыстырылды: бизнес, басқару және құқық; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; жаратылыстану ғылымдары; математика және статистика; инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», - деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.
Сондай-ақ бұл қатарда өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау, педагогика ғылымдары да бар.

Taulik.kz