Жаңалықтар

11 айлық бала бар: Оралда жалғызбасты ана аялдамада түнеп жүр

11 айлық бала бар: Оралда жалғызбасты ана аялдамада түнеп жүр

Оралда жалғызбасты ана аялдамада түнеп шықты, деп хабарлайды Taulik.kz.  Мой город басылымының мәліметінше, БҚО полиция департаментінің қызметкерлері тексеріс кезінде Ет комбинаты аумағындағы аялдамада жатқан балалы әйелді байқаған.
"Әйелдің барар жері болмағандықтан балалармен бірге аялдамада түнеген. Олар полиция бөліміне жеткізіліп жауап алынды. Кейін төрт жастағы екі егіз бала Қолдау орталығына, 11 айлық ұлы ауруханаға жатқызылып, әйелге жұмысқа тұруға көмек көрсетілді", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Taulik.kz