Дуалау: Атырауда қағазға ЖСН, көлік нөмірін, атын жазып қабір жанына көмген
Дуалау: Атырауда қағазға ЖСН, көлік нөмірін, атын жазып қабір жанына көмген
Әлеуметтік желіде Атыраудағы бейіт басында түсірілген бейнежазба жарияланды. Белгісіз әйел өзінің дуаланғанын айтып, қабір басын көрсеткен, деп хабарлайды Taulik.kz жергілікті Ақ жайық басылымына сілтеме жасап.
Қабірдің жанынан бірнеше адамның аты жазылған қағаздар, қасық, көзілдірік, қан жағылған маталар табылды. Қағазда адамның атынан бөлек оның жұмыс орны, ЖСН нөмірі, көліктің нөмірі көрсетілген.
"Дуалауға адамның жеке заттарын пайдаланады. Осылай адамдардың тағдырын бұзады, отбасымен араздастырады", - дейді кадр сыртындағы дауыс. Бұл бейнежазба ел арасында қызу талқыға түсті. ҚМДБ Атырау облыстық филиалындағылар оларға әзірге мұндай арыз-шағым түспегенін айтады. Ал Полиция департаменті "жиналған құжаттар Атырау облыстық дін істері басқармасына жолданды" деп хабарлады.
Taulik.kz