Қазақстанда енді әскерге барғандар тегін оқуға түсе алады
Қазақстанда енді әскерге барғандар тегін оқуға түсе алады
Қазақстанда әскери борышын өтегендер университетте тегін оқи алады. Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмадиев айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауы нәтижесінде 44 жоғары оқу орынымен әскери борышын өтегендерге 3 мың грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни бір жыл әскери борышын өтегендер осы жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады. Сондай-ақ әскерде жақсы нәтиже көрсеткен жігіттер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады, - деп жазды Дархан Ахмадиев Facebook-те.Бұл ретте де сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі үшін бірқатар шешімдер қабылданған.
«Платформа жауынгерлік, дене шынықтыру және арнайы даярлықты бағалау нәтижелері бойынша әрбір сарбаздың жеке рейтингін айқындайды. Сонымен қатар, рейтингке олардың психологиялық жай-күйі мен жауынгерлік кезекшілігін атқару нәтижесі де кіреді. Барлық дерек қорғаныс министрлігінде жинақталады әрі оны өзгертуге болмайды», - деді вице-министр.