Жаңалықтар

ЦентрКредит банкінің басшысы қызметінен кетті

ЦентрКредит банкінің басшысы қызметінен кетті

Ғалым Құсайынов ЦентрКредит Банкінің басқарма төрағасы қызметінен кетті. Банктің жаңа басшысы болып Руслан Владимиров тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Банк ЦентрКредит «ЭКО Центр Банкі» АҚ-пен интеграциялық процестің аяқталуына байланысты басқарманың жоспарланған ротациясын аяқтады. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып Владимиров Руслан Владимирович (бұрын «ЭКО Центр Банкі» АҚ басқарма төрағасы) тағайындалды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Taulik.kz

Taulik.kz