Жаңалықтар

«Ернімен дем салады»: Белгілі кесенеде әйелдерді ерекше ұшықтайтын молда жұрттың ашуына тиді

«Ернімен дем салады»: Белгілі кесенеде әйелдерді ерекше ұшықтайтын молда жұрттың ашуына тиді

Желіде «әйелдерді ернінен сүйіп ұшықтайтын әрі дем салатын молда» жайлы видео пайда болды. Көпшілік ол адамды Арыстан баб кесенесінен көргенін айтып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. «Ернінен сүйіп ұшықтау деген бар ма не?» - деп сұрақ қояды видеоны түсіріп тұрған адам. Алайда қашқалақтаған молда «бар» деп кетіп қалады. - Ернінен қалай ұшықтайсыз оны? - Жай ұшықтаймын ғой... Мұндай жерде ондай тірлік жасауға болмайды ғой, түсіндіруге тырысады ашулы адам. Видеоға қарағанда оқиға Арыстан баб кесенесінде болған. Себебі көне ғимараттың алды аталған жерге ұқсайды. Видеоны көрген халық: «Арыстан баб мазары ғой», «Масқара, имам, молдаларға сенуден қалдық қой», «Ернінен сүйгізіп ұшықтатып жүрген әйелдер де сау сиырдың боғы емес», «Дін істері агенттігі қайды?», «Арыстан бабқа экскурсияға жақында бардық, тура осы кісі видеоға түсірме, суретке де түсірмеңдер деген еді. Құран оқыды, ісіне сенбейін десең, алақ-жұлақ кіреді, шығады, не әрекет мына тірлігі», деп жазды.