Жаңалықтар

Қазақстанда ресейліктер шығарған сусындар пайда болды

Қазақстанда ресейліктер шығарған сусындар пайда болды

Қазақстанда Coca Cola, Fanta және Sprite сусындарының ресейліктер шығарған түрі пайда болды. Бұл Coolcola, Fancy және Street атаулары бар жаңа сусындарды Мәскеудегі зауыттардың бірі ұсынып отыр, деп хабарлайды Taulik.kz ZTB.kz инстраграм парақшасына сілтеме жасап.  Өндірушілердің айтуынша, жаңа сусындар, бастапқы сусындардың классикалық дәмі, болып табылады.
«Сусындардың алғашқы жөнелтілімдері қазан айында өткен. Экспорттық нарықтардың дамуы ресейлік нарықтармен бір уақытта жүреді. Біз өте оң нәтижені көріп отырмыз және осы бағытқа инвестиция салуға дайынбыз», - делінген зауыттың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Coca-Cola компаниясы газдалған сусындарын Ресей аумағында өндіруді және сатуды тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Taulik.kz