Жаңалықтар

Израиль Иранның дрон шығаратын зауытын атқылады

Израиль Иранның дрон шығаратын зауытын атқылады

Израиль әскерлері Иранның Сирия елінде орналасқан дрон шығаратын зауытын атқылап, оның жабдықтарын жойып жіберді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Халық үніне сілтеме жасап. «Сирия адам құқығы жөніндегі бақылау кеңесі» (SOHR) Израиль ракеталарының Сирияның батысындағы Риф-Димашк провинциясындағы Димас әуежайы ауданына тура соққы беріп, Иранның ұшқышсыз ұшатын аппаратын құрастыру үшін пайдаланылатын жабдығын жойып жібергенін хабарлады. Сонымен қатар аэропорттың радар және ұшу-қону белдеулері де атқыланған. SOHR-дың мәліметіне қарағанда, 2022 жылғы қаңтарда Дамаск (Шам) маңындағы Хомс елді мекенінде орналасқан Т4 аэропортынан қаланың батыс жағындағы Димас әскери әуежайына дрондар жасау үшін керекті қару-жарақтар партиясы жеткізілген. Құқық қорғаушылар Иран мен оны қолдаушы содырлардың соңғы кездері Димас әскери әуежайын толық өз бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. Ресейге Украинадағы соғысқа пайдалану үшін берілген дрондардың бәрі осы жерде құрастырылып шығарылған деген де дерек бар.