Жаңалықтар

Министрге тіл тигізген елорда тұрғынына сот үкімі шықты

Министрге тіл тигізген елорда тұрғынына сот үкімі шықты

Астананың Есіл аудандық № 2 соты ел алдында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке тіл тигізген 45 жастағы қала тұрғынына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Taulik.kz Halyq uni сайтына сілтеме жасап.  Сот анықтағандай, елордалық министрге азаматтарды онлайн қабылдап жатқан кезде тіл тигізген. Сонымен қатар ол министрліктің өкіліне WhatsApp арқылы әдепсіз сөздер жазған. Іс бойынша сараптама жүргізілді. Жәбірленушінің ар-намысын қорлады деген қорытынды шығарған. Сот елорда тұрғынын кінәлі деп танып, оған 180 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындады. Егер жұмыстан қашатын болса, қоғамдық жұмыстың 4 сағаты үшін 1 тәулікке қамауға алу есебімен жазаланады. Бұдан басқа министр өзіне келген зиянды 1 теңге деп бағалаған. Оны сотталушы 15 күн ішінде төлеуі тиіс.

Taulik.kz