Нью-Йорк мэрі өз инстаграмына «Ерке сылқым» күйінің видеосын жариялады
Нью-Йорк мэрі өз инстаграмына «Ерке сылқым» күйінің видеосын жариялады
АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Ерке сылқым» күйінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy. сайтына сілтеме жасап.
" alt=" aria-hidden="true" />Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша АҚШ-та қазақтың күйін Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Жүсіпхан Аманмырза орындаған.
«Қазақстанның тәуелсіздігін тойлау үшін олардың туын көтергенде, Нью-Йорк тұрғындарының да жігері мен рухын көтереміз. Біз туған қаламыздың алуан түрлі сұлулығын әлемге көрсетеміз. Нью-Йорк деп аталатын ғажайып экспериментке қосқан үлестеріңіз үшін рақмет», - деп жазды Эрик Адамс.
«Мектептердің түлектері бізді өз білімдерімен, халықаралық зияткерлік жарыстардағы жетістіктерімен үнемі қуантып келеді. Сонымен қатар балаларымыздың Отанымыз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншілігін көрсететін осындай іс-әрекеттері де ерекше қуаныш, мақтаныш сезімін ұялатады», - деді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.