Батыс Қазақстанда ұлы әкесін ұрып өлтірді
Батыс Қазақстанда ұлы әкесін ұрып өлтірді
Батыс Қазақстан облысында ұлы әкесін ұрып өлтірді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Сырым ауданы Қоңыр ауылында болған.
«М.Есламғалиев көшесіндегі өз үйінде 36 жастағы тұрғын 75-тегі әкесімен бірге арақ ішкен. Содан кейін ұлы әкесін соққыға жыққан. Соның салдарынан қария оқиға орнында көз жұмды. Мүрде Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді ведомство өкілі.