«Біздің туды жауып тастады»: Қазақ спортшысы мінбердегі дау туралы айтты
«Біздің туды жауып тастады»: Қазақ спортшысы мінбердегі дау туралы айтты
Желіде Қазақстан мен Түркия спортшыларының арасында туға байланысты туындаған даудың видеосы тарап кетті. Оқиға 50 келіге дейінгі армрестлингтен жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның екі спортшысы (Дана Асанова мен Диана Тюкова) мен түрік спортшысы Дерья Черен мінберге көтерілді. Дана Асанова марапаттау кезінде болған оқиға туралы айтып берді.
«Біз Қазақстанның туын көрсеткіміз келді, бірақ Түркияның спортшысы келіп, өз туын көтеріп тұра алса да, біздің туды жауып тастады. Бұл Диана екеумізге ұнамай, туымызды тағы да алға шығардық, бірақ ол да берілмеді. Кейін біз оны жоғары көтеруді шештік. Неге біздің қазақтың туын басқа ту жабуы керек? Кейінірек олар маған осы оқиғаның видеосын жібере бастады, ал ол барлық сайтқа тарап кетті», - дейді спортшы.