Жаңалықтар

Илон Маск Twitter-ді сатып алды (ВИДЕО)

Илон Маск Twitter-ді сатып алды (ВИДЕО)

Украинадағы соғыс төңірегінде ауқымды жанжал шығарған америкалық миллиардер Илон Маск Twitter желісін сатып алды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Америкалық өнертапқыш әлеуметтік желіні сатып алғанын ерекше түрде хабарлады. Ол өзінің парақшасын «Chief Twit» (негізгі Твит) деп өзгертті. Содан кейін ұйымның штаб-пәтерінде қолында раковина ұстаған қысқа видеосын жариялады. БАҚ-тағы мәліметтер бойынша, мәміле 44 миллиард долларды құрады. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.