Жаңалықтар

«Ресейдің Украинаға басып кіретін уақытын тап басып айттым» – Оңғар Қабден

«Ресейдің Украинаға басып кіретін уақытын тап басып айттым» – Оңғар Қабден

Әлеуметтік желіде жедел ақпарат тарату қабілетімен белсенді Оңғар Қабден өз жұмысы туралы Taulik.kz тілшісінің сауалына жауап берді.

-Facebook әлеуметтік желісіндегі белсенділігіңіз 2022 жылдың ақпан айынан бастап басқа бағытта ауысты. Анығы Украинадағы жағдай бойынша күнделікті ақпарат беретін болдыңыз. Жалпы деректерді қайдан аласыз? -Жалпы, мен қаңтар айынан бастап Украинаға назар аудара бастадым. Сосын, Украинаға Ресейдің басып кіру уақытын да тап басып айта алдым. Қытайдағы олимпиада бітісімен, шамамен 23-25 ақпан кезінде басып кіреді деп жаздым да Фейсбукке. Ал, ақпараттар заманында ақпарат алу көзі көп қой. Украинадан тікелей ақпарат жіберіп отырған журналист достарым да бар. Аида Қызырбаймен тікелей байланыстамын. -Сіз беріп жатқан деректер қаншылықты сенімді? Кімге, не нәрсеге сүйеніп жазасыз? -Деректерді украиналық телеграмм каналдар мен әлемдік БАҚ яғни, сайттарды қарап отырамын. Сосын жаңағы айтқан журналистерден бөлек украиналық кісілермен де қарым қатынастамын. -Күнделікті айналысып жатқан осы жұмысыңыз үшін ақы аласыз ба? Жалпы қолдау қайдан? -Күнделікті жазбалар үшін ақша алмаймын. Мен Украина үшін азаматтық көзқарасымды жазып отырмын. Басқыншылықты ешқандай сөзбен ақтауға келмейді. Кейде жекеме мақала жазып беруімді, сұхбат ұйымдастыруды сұрап ақысына хабарласатындар көп. Қаржылық қолдау содан. -Осы ақпараттық соғыстың ішінде жүрген азамат әрі журналист ретінде айтыңызшы, соғыс әлі де созыла ма әлде жақын арада аяқтала ма? -Соғыс ұзаққа созылатын сияқты. Батыс пен АҚШ-тың жоспары да Ресейді әбден титықтатып, бөлшектеп тастау секілді. -Бірнеше күн бұрын жеке парақшаңыз бұғатталды. Оны кімдер ұйымдастыруы мүмкін? -Соңғы кезде Фейсбукте парақшалары белсенді бірнеше адамның парақшасы бұғатталды. Соған қарағанда мүдделі біреулер бар сияқты. -Пікірлерде сізден жаңалық күтетін адамдар көп. Тіпті сізді сол елдің "баспасөз хатшысы" деп әзілдеп жатады. Оқырмандарыңызға қаншылықты адалсыз? -Ақпарат қалай бар, сол қалпында беремін. Ойдан шығару деген жоқ. Қазір ақпарат заманы ғой. Жұрт менен болмаса да басқа біреуден оқиды. Сондықтан оқырмандарыма адалмын. -Пікіріңізге рақмет!

Taulik.kz