Жаңалықтар

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі зымыран ұшырды

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі зымыран ұшырды

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, бұл туралы Оңтүстік Кореяның әскерилері мәлімдеген. Ұшыру Пхеньян мен Сеул әскерилері арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты батыс жағалауда ескерту оқтары алмасқаннан төрт күн өткен соң жасалды.
"Біз 1159 (0259 GMT) және 1218 аралығында Гангвондағы Дунчхон ауданынан ұшырылған екі баллистикалық зымыранды анықтадық. Біздің әскерилер бақылау мен қадағалауды күшейтті және Америка Құрама Штаттарымен байланысты жақсартып жатыр", - делінген хабарламада.

Taulik.kz