Жаңалықтар

Ресейдің Украинадағы көзбояу әрекеттері әшкере болды

Ресейдің Украинадағы көзбояу әрекеттері әшкере болды

Украина және РФ аумағында «Вагнер желісі» пайда болды. Пирамида пішіндес, тетраэдр формалы темірбетон кедергілер жер астына көміліп, желі түрінде созылып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Украиналық сарапшылардың айтуынша, «Айдаһар азуы» Ресейдің терең қорғанысқа бас бұға жатып алып, бұған дейін қалыптасқан майдан желісін кез келген жолмен сақтап қалуға тырысатынын білдіреді. Ресейлік пропаганданың мәлімдеуінше, «бұл фортификациялық құрылыс қорғаныс үшін емес, негізінен болашақ кеңауқымды шабуыл үшін жасалып жатыр». Жалпы өткен ғасырда тістерге ұқсас болғандықтан, «Айдаһар азуы» аталған мұндай желі Луганск, ішінара Донецк облыстарының шекараларын және Ресей жерін қамтиды деп жоспарланған. Украинаның Луганск облысының Горское қаласы жанында шамамен 2 шақырымға созылып жатқан, жерге сіңіріле көмілген бетон конустар байқалады. 4 қатарға орнатылған бұл «бекініс» кеңауқымды шабуылға шығатын украиналық ұрыс техникасын, танктерді тоқтатып, шығысқа қозғалуына мүмкіндік бермейді деп хабарланды. Танкке қарсы конустардың ар жағында үлкен, терең ор қазылған. ВВС сараптауынша, мұндай танкке қарсы тосқауылдар жалғыз өзі бронды техниканы тоқтата алмайды, тек кідірте алады.
«Бұл – ХХ ғасырдың басында пайдаланылған тәсіл. Сол кезде де танктерді толыққанды тоқтата алмаған. Ал қазір ХХI ғасырдың үшінші онжылдығы жүруде. Ол пирамидкаларды сүріп өтетін немесе қашықтан жара салатын түрлі техника да, саналуан аспаптар да жеткілікті. Бұл жерде ол кубтарды тегіс алып тастаудың еш қажеті жоқ. Оның бірнеше тұсынан тесік, дәліздер жасаса, жетіп жатыр. Сол арқылы кез келген техника тып-тыныш қана өтеді де кетеді», – деді Луганск облысының ресми басшысы.