Taulik.kz логотипі

«Әділ Қазақстанға сенеміз»: Елжан Біртанов үкімді есту үшін сотқа келді

28 қазан, 2022 / taulik
«Әділ Қазақстанға сенеміз»: Елжан Біртанов үкімді есту үшін сотқа келді
ашық дереккөзі
«Әділ Қазақстанға сенеміз»: Елжан Біртанов үкімді есту үшін сотқа келді Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанадағы сот ғимаратына келді. Онда бүгін іс бойынша шешім шығарылады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Біртанов сот ғимаратына отырыс басталардан бірнеше минут бұрын кірді.
«Осы процеске назар аударғандарыңыз үшін рахмет. Біздің тырысқанымызды, құқығымызды қорғағанымызды, ісімізді дәлелдегенімізді көрдіңіздер. Соттың әділ шешім шығаратынына сенемін, заңға сенемін. Олжас Әбішев екеуміз бүгін ақталамыз деп сенемін. Біз әділ Қазақстанға сенеміз», - деді Біртанов.