Жаңалықтар

Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Алматы қ. ПД ЭҚІСБ бастығының міндетін атқарушы Д.Е.Абикулов қол қойған хатқа сенсек, ПД Тергеу басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру») 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
«Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деп жауап берген Алматы қаласының Полиция департаменті.
 width=