«Популистер деген кім?» – Айдос Сарым жауап берді
«Популистер деген кім?» – Айдос Сарым жауап берді
«Хабар» арнасындағы «Біздің Мақсат» деп аталатын бағдарламаның «Халықпен ойнама!» атты тақырыбындағы популизм мәселесі көтерілді. Сол бағдарламада қонақта болған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым популистердің қандай болатынын атап берді, деп хабарлайды taulik.kz сайты бағдарламаға сілтеме жасап.
«Ежелгі тарихтан бастайтын болсақ, популистер кезіндегі аристократия мен қарапайым халықтың арасындағы тартыстан басталған әңгіме ғой. Мына кісілер халықтың сөзін сөйлеп жатыр екен. Аналар шонжарлар, билер басқаларды. Содан басталады, бірақ енді одан бері терминнің өзі де сан құбылды, өзгерді. Енді бүгінгі ғылымда да, қоғамда да қалыптасқан бір нәрсе. Мағынасы да өзгерді. Қазір айтып жатқанымыз бір мәселе: халыққа жалған уәде беретін, айтқанын нәрсесін өзі орындамайтын, орындалудың жолын білмейтін азаматтар деп айтуға болатын шығар. Тез нәрседен ғана ұпай жинап, бүгін айтып, ертең ұмытып, оның ешқандай жүйесіз, бағытсыз, жоспарсыз айтатын адамдарды – популистер деп айтуға болатын шығар», – деді депутат.