Қазақстанда Instagram желісі істен шықты
    
        30 қазан, 2022 /
        taulik
    
    
            
    
    
    
                                    Қазақстанда Instagram желісі істен шықты
                        
                                    Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің жұмысында іркіліс болып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Ғаламтор пайдаланушылары Instagram желісінің жұмысына шағым білдіруде. Қосымша Қазақстанның барлық өңірлерінде тек VPN арқылы жұмыс істеп тұр.
Instagram бүкіл әлем бойынша істемей тұрғаны туралы Down detector веб-сайты хабарлады.
Қандай себептерге байланысты істен шыққаны әзірге белгісіз.