Жаңалықтар

Жамбылда ҰҚК департаментінің қызметкері оқыстан қаза тапты

Жамбылда ҰҚК департаментінің қызметкері оқыстан қаза тапты

Жамбыл облысы Полиция департаменті ҰҚК қызметкерінің қаза болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айтты
«Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшы және жеке құрамы Ұлттық қауіпсіздік комитетінiң Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерi Айтбаев Асқар Күмiсханұлының мезгілсiз қаза болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Оның өңірдегі құқықтық тәртіпті, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше бағалаймыз. Қызметтегі адалдығы әріптестерiне үлгі, жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталатын болады», – делінген хабарламада.

Taulik.kz