«Ұлт саулығы - мемлекеттің байлығы» атты ашық есік күні өтті
«Ұлт саулығы - мемлекеттің байлығы» атты ашық есік күні өтті
Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігі мен аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ҰЛТ САУЛЫҒЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ БАЙЛЫҒЫ атты ашық есік күні ұйымдастырылып, Көксу ауданына алғаш рет Алматы қаласынан А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының тәжірибелі де, білікті дәрігерлері келіп, жергілікті тұрғындарды қабылдады.
⠀
А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығынан арнайы келген кәсіби кардиохирург, кардиолог, гепатолог, нефролог, қан тамыр хирургы, гепатобилиарлық хирург, УДЗ дәрігерлері 1 күнде 300-ден аса адамды қабылдап, оларға қажетті кеңес пен медициналық көмек көрсетті.
⠀
Шара аясында аудандық дәрігерлермен өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырылды және жергілікті 2 тұрғынға А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталық пен Көксу аудандық орталық ауруханасының хирургтері бірлесіп, лапароскопиялық ота жасады, сондай-ақ дәрігерлер арасында шеберлік сағаты мен семинар - лекциялар өтті.
Taulik.kz