Жаңалықтар

Ішек-қарын тазалаған бала TikTok-ты жарды (ВИДЕО)

Ішек-қарын тазалаған бала TikTok-ты жарды (ВИДЕО)

TikTok-та кішкентай баланың ішек-қарын тазалап отырған видеосы тарап кетті. Видео 2 миллионға жуық қаралым жинап, 70,1 мың адам лайк басып, мыңнан аса адам түрлі пікір жазып қалдырған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Роликтен ішек-қарынға толы ыдысты алдына қойып, оны тазалап отырған баланы көруге болады. Желі қолданушылары баланың бұл қылығына тәнті болды. TikTok-тағы пікірлердің басым көпшілігі қырғыз тілінде жазылған әрі видеоны жүктеген желі қолданушысы - қырғыз әншісі. Видео Қырғызстанда түсірілген болуы мүмкін.