Жаңалықтар

Назарбаев бейнеленген купюра айналымнан шыға ма?

Назарбаев бейнеленген купюра айналымнан шыға ма?

Назарбаев бейнеленген купюралар айналымда қалады, деп хабарлайды Taulik.kz. 
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 20 000 теңге номиналындағы мерейтойлық банкнот заңды төлем құралы болып саналады. Бұл банкноттар төлемдердің, банк операцияларының және аударымдардың барлық түрлері бойынша басқа естелік банкноттар сияқты қабылдануға міндетті. Банкноттар табиғи тозуына қарай ақша айналымынан алынады. Мерейтойлық және естелік банкноттар бойынша айналым мерзімі белгіленбейді», — деп хабарлады Ұлттық Банк.
Taulik.kz