Жаңалықтар

Ресейде Қазақстаннан шыққан автобус аударылып 13 адам зардап шекті

Ресейде Қазақстаннан шыққан автобус аударылып 13 адам зардап шекті

Ресейде Қазақстаннан шыққан автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды Taulik.kz.  Қазақстаннан Екатеринбургке бет алған автобус Челябі облысында жыраға құлап, аударылып қалды. 13 адам жапа шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Ресей ІІМ хабарлаған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр.

Taulik.kz