Украина тумасы, тарихшы Дмитрий Легкий мәжіліс депутаты боп сайланды
Украина тумасы, тарихшы Дмитрий Легкий мәжіліс депутаты боп сайланды
Тарихшы Дмитрий Легкий Қазақстан Халық партиясының атынан мәжіліс депутаты болды, деп хабарлайды Taulik.kz. Бұл жөнінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының сайтында жазылды.
"2022 жылғы 31 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.М. Легкийді тіркеу туралы" қаулы қабылданды", - делінген мәліметте.Оған 26 қазанда депутаттық мандатын тапсырған Айбек Паяевтың бос мандаты берілді. Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Лёгкиге куәлік пен төсбелгі табыстады. Дмитрий Легкий 1957 жылы 1 қаңтарда Украинада дүниеге келген. Қостанай педагогикалық институтын бітірген. 1984 жылдан Қостанай педагогикалық институтының, кейін Байтұрсынов атындағы ҚМУ тарих-құқықтық факультеттерінде оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2016 жылы Қазақстан Коммунистік халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидатурасын ұсынған.
Taulik.kz